3. Орналасқан жер мен бөлмені таңдау
Сізге ыңғайлы үй-жайды таңдау, оны бізбен мақұлдасу және сізге қолайлы шарттармен жалға алу шартын жасауды жеңілдету үшін осы жадынаманы жаздық. Жаднама Teez-дің ТБП-ға арналған объектін іздеу кезінде туындауы мүмкін барлық типтік сұрақтарды жабады. Оны мұқият оқып шығыңыз, сонда көп нәрсе анық болады.
ТБП үшін орынды қалай таңдауға болады
Іздеу кезінде сіздің қалаңыздағы беру пункттерінің жоспарланған санына назар аударыңыз:
- егер бір ТБП ашу жоспарланса, қаланың географиялық орталығын таңдаңыз;
- егер бірнеше ТБП ашу жоспарланса, қала аудандарының орталықтарын таңдаңыз.
ТБП үшін орынды табуға көмектесетін бірнеше өлшемшарт:
- Жақсы жаяу жүргіншілер мен автокөлік трафигі. Клиенттерге тапсырыстарын ала кетуге ыңғайлы болу үшін (мысалы, үйге бара жатқанда) өтімділігі жоғары орын керек. Сонымен қатар, әлеуетті клиенттер тауарларды алып, әдетте жүретін жолымен бара жатқанда, біздің маңдайшадағы жазуымызды көріп, бізден тапсырыс беру мүмкіндігіне қызығушылық танытады.
- Жақын орналасқан қоғамдық көлік аялдамасы. Біз клиенттерге ыңғайлы және ТБП-ға жету үшін көп уақыт жұмсамайтын етіп жасаймыз.
- Жол жиегінің бірінші желісінде орналасқан және автотұрағы бар жерлер. Тапсырыстарды әкелуге де, әкетуге де ыңғайлы.
- Жақын жерде ірі дүкендері мен мекемелері бар: Small, Magnum, KFC, I'm және т. б. Олар аудиторияны тартады.
- Біздің қолданыстағы беру пункттеріміздің арасындағы қашықтық — кемінде бір километр. Қысқарақ қашықтық ТБП жүктемесін азайтады: берілген тапсырыстар азайса, сіздің сыйақыңыз да аз болады, себебі, бұл олардың санына тікелей байланысты. Ерекшелік — егер осы аудандағы беру пункттері тапсырыстармен шамадан тыс жүктелген болса. Бұл жағдайда, ТБП-ны бір-бірінен аз ара қашықтықта ашқан жөн.
ТБП үй-жайын қалай таңдауға болады
Біз үй-жайларға бірнеше талап қоямыз:
- Бірінші қабатта жеке кіреберісі бар. Жайлылық — бұл біздің сервисіміздің маңызды бөлігі.
- Жалпы ауданы 35-тен 50 м²-ге дейін. Кішкентай үй-жайда тар болады, тым үлкен — бұл қымбат жалдау ақысы және коммуналдық төлемдер мен қосымша пайдалану шығындары. Егер жалдау ақысы бюджетке сай келсе, сіз үлкен аумақты үй-жайды таңдай аласыз.
- Маңдайша орналастыру мүмкіндігі бар және оны ешнәрсе бөгемейді. Маңдайшаны мүмкіндігінше көп адам көруі керек, өйткені, бұл сіз бен біздің жарнамамыз.
- Біз — монобрендпіз, сондықтан, үй-жайды басқа маркетплейстердің немесе сервистердің беру пункттерімен біріктіруге болмайды. Егер басқа алаңдардың ТБП-лары көрші үй-жайларда болса, ештеңе етпейді: біз мұндай объектілерді қарастырамыз.
- Үй-жайға тәулік бойы кедергісіз кіру. Бұл жүргізушілер кез келген уақытта сатып алушылардың тапсырыстарын әкеліп, түсіре алуы үшін қажет.
Біз келесідей үй-жайларды мүлдем қарастырмаймыз, егер ол:
- жертөледе немесе екінші қабатта орналасса;
- жеке кіреберісі бар жағдайларды қоспағанда, сауда орталығында орналасқан болса.
Меншік иелерінің контактілерін қалай табуға болады
Сізге клиенттердің жоғары трафигін қамтамасыз ететін ең жақсы орындарда ТБП-ға лайықты үй-жай табу оңай емес. Сондықтан біз сізге қажетті үй-жайды қалай табу және жалға алу керектігі жөнінде бірнеше кеңес дайындадық.
Сізді қызықтыратын объектілердің иелерінің тікелей нөмірлерін тауып, олармен тікелей келіссөздер жүргізіңіз. Мысалы, олар қазіргі жалға алушыларымен жалдау ақысының аздығына немесе үй-жайға салақтықпен қарауына байланысты келісімшартты бұзуы мүмкін. Нөмірлерін қалай іздеуге болады:
- Жарнама сайттарын тексеріңіз. Мысалы, OLX және «Крыша» сайттарында үй-жайларды жалға беру туралы хабарландыруларды іздеуге болады. «Коммерциялық жылжымайтын мүлік» бөлімінде тек қолайлы үй-жай параметрлерін көру үшін сүзгілерді қойыңыз. Сіздің өлшемшарттарыңыз бойынша жарнамалардың пайда болуы туралы хабарландыруларды баптаңыз: осылайша, сіз сайттағы немесе қосымшадағы жаңа объектілерді бақылай аласыз.
- Ғимараттың әр жылдардағы суретін қарап шығыңыз. Яндекс Панораманы ашып, сізді қызықтыратын мекенжайларды табыңыз. Фотосуреттерді жылдар бойынша сұрыптаңыз (сүзгі жоғарғ ы оң жақ бұрышта). Әр түрлі кезеңдердегі фотосуреттерді зерттеңіз: кейбір фотосуреттерде сіз телефон нөмірімен жалға алу туралы хабарландыру табу мүмкіндігіңіз жоғары. Бұл үй-жайдың иесі немесе меншік иесімен таныс риэлтор болады. Панораманың мысалы осы жерде.
- Риэлтордың қызметтерін пайдаланыңыз. Оларда көбінесе жарнама сайттарында пайда болып та үлгермейтін үй-жайлардың өзіндік базасы бар. Кейбір риэлторлық компаниялар көрсетілген қызметтер үшін тек меншік иесінен ғана емес, жалға алушыдан да біржолғы комиссия алады. Бұл әдіс сізге дұрыс үй-жайды табу үшін бағалы уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі.
- Бос үй-жайларға назар аудара жүріңіз. Көлікпен жүргенде немесе қалада жүргенде, коммерциялық үй-жайларға қарай жүріңіз: олардың кейбіреулері бос және беру пунктіне өте ыңғайлы болуы мүмкін. Егер осындай үй-жайды тапсаңыз, визиткаңызды есікке қалдырыңыз — егер меншік иесі ұсынысқа қызығушылық танытса, ол сізге хабарласады. Көбінесе бос үй-жайларда осы объектімен жұмыс істейтін меншік иесінің немесе риэлтордың нөмірі болады.
- Өз ауданыңызды зерттеңіз. Таныс аудандарда ТБП-ға орын табу оңайырақ: сіз қай жердің өтімділігі жақсы екенін білесіз, тіпті ыңғайлы үй-жайдың иесінің контактілерін бере алатын адамдарды тануыңыз да мүмкін.
- Көршілермен танысыңыз. Көрші дүкенге барып, олар сізді қызықтыратын үй-жайдың иелерін білетіндігін сұрап көріңіз. Олар таныс болуы әбден мүмкін.
- Ғимараттың басқарушы компаниясын табыңыз. Коммерциялық үй-жайлармен жұмыс істейтін бөліммен танысыңыз — әрбір басқарушы компанияда жалға берушілерге коммуналдық төлем шоттарын ұсынатын қызметкер болады. Сонымен байланысып, телефон нөмірін алыңыз.
- Ағымдағы жалға алушылармен байланысыңыз. Онда сіздің ойыңызша ТБП-ны орналастыруға болатын жұмыс істеп тұрған дүкенге немесе басқа бизнеске келіп көріңіз. Әр түрлі сылтаумен меншік иесінің телефон нөмірін қызметкерлерден анықтап көріңіз. Онымен байланысқа шыққанда, оған қарсы ұсыныс жасаңыз: көбірек ақы немесе сол сияқты жалдау ақысы мен жауапкершілігі жоғары жалға алушы ретінде өзіңізді ұсыныңыз.
- Үй-жайларды сату туралы хабарландыруларды қараңыз. Егер сіздің бюджетіңізг мүмкіндік берсе, ыңғайлы үй-жайды сатып алуды қарастырыңыз: үй-жай сіздің меншігіңізде болса да, біз оны сіз басқа біреуге жалға бергендей нарықтық бағамен жалға аламыз. Сондай-ақ, сіз сатушыға үй-жайды сату форматын өзгертуді ұсына аласыз: бос шаршы метрдің орнына ТБП-ны — дайын жалға беру бизнесін сатыңыз. Ұзақ мерзімді жалдау шарты бар үй-жайды сату тиімді.
Есіңізде болсын: тез әрекет етуіңіз керек. Тиімді нүктелер туралы жарнамалар ұзақ уақыт бойы тұрмайды, кейде пайда болып та үлгермейді, өйткені, әр жақсы үй-жайды бірнеше кәсіпкерлер мен компаниялар «аңдып» жүреді.