Серіктестік шарт
Серіктестік шарт
Қарағанды қ., 2024 ж. 1 сәуірдегі редакция
«Teez Logistics» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атынан Жарғы негізінде әрекет етуші Бас директор Абишев Нурлан Канатович (бұдан әрі — Компания) бір тараптан және Серіктес екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жекелей «Тарап» деп аталып, төмендегілер туралы шарт жасасты:
1. Терминдер мен анықтамалар
Брендтік киім — Teez бре ндінің танымалдығын арттыру үшін Серіктестің қызметкерлеріне ұсынылатын киім жинақтары.
Teez-дің беделіне зиян келтіру — Teez-ге қатысты зиянды мәліметтерді таратуға бағытталған, соның ішінде, әлеуметтік желілердегі хабарламалары қоса алғанда, Серіктестің кез келген әрекеті.
Кіреберіс — ғимаратқа кірер жерде орналасқан, маңдайша жазуды қоса алғанда, сәулет және инженерлік элементтердің жиынтығы.
Тапсырыс — Сатып алушы таңдаған және төлеген Teez-дің немесе Компания тапсырыстарды беру туралы шарт жасасқан кез келген басқа қызметтің ассортиментінің тізімдемесінен бір немесе бірнеше тауар позициясы.
Коммерциялық құпия — сол сәтте немесе мүмкін жағдайларда кірістерді көбейтуге, негізсіз шығындардан аулақ болуға, тауарлар, жұмыстар, қызметтер нарығындағы ахуалды сақтауға немесе басқа да коммерциялық пайда алуға мүмкіндік беретін ақпараттың құпиялылық режимі.
Компания — «Teez Logistics» ЖШС (Teez), БСН 231140010013, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, 134 Есептік орам, 938 құрылыс, пошта индексі 100008.
Құпия ақпарат — Серіктес Шартқа сәйкес қол жеткізген, оның ішінде, Компания оған қатысты коммерциялық құпия режимін белгілеген ақпаратты қоса алғанда, Компания ұсынған жазбаша да, ауызша да кез келген ақпарат. Құпия ақпаратқа, басқалармен қатар, кез келген коммерциялық, қаржылық, аналитикалық, оқу, операциялық немесе кез келген нысандағы өзге де ақпарат немесе деректер, құқықтық және техникалық құжаттама, бизнес-жоспарлар, Компания әзірлеген құжаттар, жобалар, кез келген шарттардың түпнұсқалары мен көшірмелері, келісімдер, бағалаулар, талдау әдістері, есептер, зерттеулер және т. б. кез келген нысандағы, соның ішінде, электронды түрдегі құжаттар жатады.
ТТК (тиімділіктің түйінді көрсеткіштері) — Серіктестің ТБП қызметі жөніндегі Басшылықтар мен барлық нұсқаулықтарды дұрыс орындауының көрсеткіші. Көлемін Компания белгілейді.
Маркетингтік материалдар —ТБП қызметі кезінде Компания ұсынатын Teez-дің қызметіне қатысты ақпараттық материалдар.
Мессенджер — жедел хабар алмасу қызметі (Telegram, WhatsApp, Facebook Messenger, WeChat, Viber және т. б.).
Орфографиялық қателер — бұл сөздерді жазу кезінде орфография ережелерінің бұзылуына байланысты қателер, соның ішінде әріптерді, дефистерді, апострофтарды қате қолдану, сондай-ақ сөздердің ресми жазылу стандарттарына сәйкес келмеуінен туындайтын басқа да қателер.
Серіктес — Шартқа сәйкес ТБП-да тапсырыстарды беруді ұйымдастыратын заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер.
Сатып алушы — Teez-де тапсырыс беру арқылы тауарларды сатушыдан қашықтықтан сатып алатын тұлға.
Үй-жай — жеке меншіктегі немесе жалға алынған Серіктестің тапсырыстарды беру пунктінің (ТПБ) орналасқан жері.
Сатушы — тауарларды Сатып алушыға қашықтықтан сату әдісін қолдана отырып сату бойынша қызметті жүзеге асыратын тұлға.
Тапсырыстарды беру пункті (ТБП) — Серіктестің немесе Компанияның иелігіндегі Сатып алушыға Тапсырыстарды беретін үй-жайда орналасқан Компанияның өкілдігі.
ТБП қызметі жөніндегі Басшылық — қызметті жүргізу жөніндегі негізгі талаптарды қамтитын Шартқа жасалған ажырамас қосымша. Басшылықтың ішінде талаптардың толық тізімдемесі жоқ.
Техникал ық қателер — бұл құрылымның, форматтаудың немесе мәтіннің басқа да техникалық аспектілерінің бұзылуынан туындайтын қателер. Олар мазмұнға әсер етпесе де, оның қабылдануына және/немесе көрнекі ресімделуіне ықпал етеді.
Тауар — Сатушыға тиесілі және Сатып алушыға беру үшін Серіктеске берілген әр түрлі тауарлар.
Teez — Тапсырыстардың жай-күйі мен қозғалысы, Компанияның тапсырмаларының орындалу барысы туралы ақпаратты, оны өңдеу құралдары туралы өзге де ақпаратты қамтитын, Шарттың тараптары құжаттар мен ақпаратты электрондық түрде алмасу үшін пайдаланатын Компанияның дерекқоры, https://teez.kz мекенжайындағы веб-сайт, сондай-ақ, Компания өзінің негізгі қызметін жүзеге асыру үшін пайдаланатын мобильді қосымша.
2. Шарттың мәні
2.1. Шарт талаптарына сәйкес Серіктес Компанияға келесі қызметтерді көрсетуге міндеттенеді:
2.1.1. Серіктес, қажет болған жағдайда үшiншi тұлғаларды тарта отырып, Компания көрсеткен тәсiлмен және ол белгiлеген мерзiмде Сатып алушыларға ТБП-да тапсырыстарды берудi қамтамасыз етуге.
2.1.2. Сатып алушы қайтарған Тапсырыстарды немесе Тапсырыстың құрамына кiретiн жекелеген Тауарларды қабылдауға жәрдем көрсетуге.
2.1.3. Компания белгілеген мерзім ішінде Сатып алушыларда сұранысқа ие болмаған немесе тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамада белгіленген негіздер бойынша Сатып алушылар қайтарған Тапсырыстарды немесе жекелеген Тауарларды Компанияға беруде жәрдем көрсетуге.
2.1.4. Сатушылардан тауарларды қабылдау кезінде, сондай-ақ, тапсырыстарды ТБП-ға дейін тасымалдау кезінде Компанияға көмек көрсетуге.
2.1.5. Шартта, оған жасалған Қосымшаларда және Компания стандарттарында белгіленген талаптарға сәйкес үй-жайды тиісті жағдайда ұстауға.
2.2. Компания Шартта белгіленген тәртіппен Серіктес алдындағы шарт бойынша міндеттерді орындауға міндеттенеді.