Skip to main content

11. API-мен жұмыс

Егер сізде тауарлар мен тапсырыстар көп болса, CRM-жүйеңізбен API-интеграциясын орнату арқылы жұмысыңызды жеңілдетіңіз.

Қазірдің өзінде біз әрбір тауар мен тапсырыс бойынша толық ақпаратты қарауға мүмкіндік береміз. Ал жақын болашақта API-интеграциясының арқасында сіз өзіңіздің жүйеңіздің ішінде тауар карточкаларын жасай аласыз, олар туралы ақпаратты өзгерте аласыз, бағаларды өзгерте аласыз және жүкқұжаттар жасай аласыз.

Жаңа кілтті қалай жасау керек​

Қазір сіз тек бір кілт жасай аласыз. Кілт жасау үшін:

  1. Баптаулар → API кілттері бөліміне кіріңіз.
  2. Оң жақ жоғарғы бұрышта Жаңа кілт жасау батырмасын басыңыз.
  3. Ашылған терезеде кілттің атауын мына талаптарға сәйкес енгізіңіз:
    • 1-ден 100 символға дейін.
    • Латын әріптерін, цифрларды, бос орындарды, сызықшаларды, астын сызу белгісін, нүктелерді, жақшаларды қолдануға болады.
    • Атау тек бос орындардан тұрмауы керек.
    • Атау бірегей болуы керек.
  4. Жасау батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде кілтті көшіріп алып, оны міндетті түрде қауіпсіз жерде сақтаңыз. Бұл кілт API-интеграциясын орнату кезінде қажет болады. Терезені жапқаннан кейін сіз кілтті толығымен мүлдем көре алмайсыз.

Кілт туралы ақпаратты қалай көруге болады​

Кілт туралы барлық ақпаратты кестеден көре аласыз:

  • Атауы — кілтті жасаған кезде өзіңіз енгізген бірегей атау.
  • Кілт — кілттің алғашқы және соңғы бірнеше символдары.
  • Мәртебесі — белсенді немесе белсенді емес (өшірілген) кілт.
  • Жасалған күні — кілтті жасаған нақты күн мен уақыт.
  • Клиент ID — API-интеграциясын орнату кезінде қажет болатын сіздің бірегей ID-нөміріңіз.
  • Әрекеттер — кілт үшін қолжетімді функциялар: өшіру немесе қалпына келтіру.

Кілтті қалай өшіруге және қалпына келтіруге болады​

Кілтті өшіру үшін кестеде Әрекеттер → Өшіру батырмасын басып, әрекетті растаңыз.

Өшірілген кілтті қалпына келтіру үшін кестеде Әрекеттер → Қалпына келтіріп жаңасын генерациялау батырмасын басыңыз. Ашылған терезеде кілтті көшіріп алып, оны міндетті түрде қауіпсіз жерде сақтаңыз. Терезені жапқаннан кейін сіз кілтті толығымен мүлдем көре алмайсыз.

API-интеграциясын өз бетіңізше немесе мамандардың көмегімен орнатуға көмектесетін әдістер туралы мына жерде айтылған.

Егер сізде сұрақтар туындаса, серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз.