6. Жарнамалау
Тауарды жарнамалау — маркетплейсте жоғары сатылымға жетудің кілті. Егер сіздің тауарыңыз сапалы әрі оның бағасы тартымды болса да, дұрыс жарнамасыз оны байқамауы мүмкін. Осы бөлімде сізге көбірек сатып алушылардың назарын аударуға, табысыңызды арттыруға көмектесетін құралдар туралы айтып береміз.
Teez University ұсынатын «Тауарларды жарнамалау қағидалары» атты арнайы тегін оқуда бұдан да көп ұсыныстар береміз. Ол қоймаға тауар жөнелткен барлық сатушыларға қолжетімді. Шақырулар электрондық пошта арқылы жіберіледі.
Ішкі жарнамалау
Біз сіздерге тауарларыңызды Teez-де жарнамалау үшін көбірек мүмкіндік беруге тырысамыз. Жақын арада жеке кабинеттен тікелей жарнаманы баптауға мүмкіндік беретін ішкі маркетингтік құралдар іске қосылады.
Іздеу жүйесін оңтайландыру
Кілт сөздер бойынша іздеу жүйесін оңтайландыру — тауарларды маркетплейсте жарнамалаудың ең маңызды құралдарының бірі. Егер кілт сөздерді дұрыс таңдап, тиімді қолдансаңыз, тауарларыңыз іздеу нәтижелерінде жоғарырақ көрінеді, бұл сатылымды арттырады.
Дұрыс кілт сөздерді табу үшін сатып алушылардың қалай іздейтінін түсіну маңызды. Мұны бірнеше жолмен жасауға болады:
- Іздеу бойынша кеңестер — іздеу жолағына сұранысты жаза бастаңыз, жүйенің қандай нұсқаларды ұсынатынын қараңыз.
- Бәсекелестердің карточкалары — басқа сатушылардың тауар атауларында және сипаттамаларында қандай сөздерді қолданатынын зерттеңіз.
- Талдау сервистері — мысалы, Яндекс Вордстат және Google Trends.
Тауар карточкаларын құру бөлімінде тауардың іздеу нәтижелеріндегі орнын және сәйкесінше сатылымын арттыру үшін карточкаларды қалай дұрыс толтыру керектігі туралы ұсыныстар бердік.
Қосымшадағы баннерлер
Баннерлер — бұл қосымшаның басты бетінің жоғарғы бөлігінде орналасқан жарқын жарнамалық блоктар. Олар сатып алушылардың назарын бірден аударады және бренд дүкеніне немесе тауарлар топтамасына бағыттай алады.

Топтамалар
Біз тұрақты түрде әртүрлі тақырыптар бойынша тауарлардың топтамаларын жасап тұрамыз: маусымдық науқандар, танымал санаттар, сыйлыққа арналған идеялар, жергілікті өндірілген тауарлар. Бұл сатып алушыларға қажетті тауарларды жылдам табуға көмектеседі, ал сіздің сатылымдарыңызды арттырады.
Егер сіздің де тауарыңыз тақырыптық топтамаға қосылғанын қаласаңыз, серіктестерді қолдау ботында Маркетинг бөлімін таңдап, өтініш қалдырыңыз. Егер сіздің тауарыңыз талаптарға сай келсе, біз оны да қосамыз. Нәтижесін 72 сағат ішінде сіздің электрондық поштаңызға жібереміз.

Промокодтар
Промокодтар жаңа клиенттерді тартуға және қайта сауда жасауға ынталандыруға көмектеседі. Сонымен қатар, олар орташа чек пен тапсырыстағы тауар санын көбейтудің тамаша тәсілі.
Промокодтарға белгілі бір сомаға, қолдану мерзіміне, пайдалану санына, санатқа немесе нақты тауарлар тізіміне байланысты шектеу қойылуы мүмкін. Мысалы, 5 000 ₸ басталатын сомаға косметика сатып алғанда 1 500 ₸ жеңілдік беретін промокод. Біз оларды әртүрлі жолдармен таратамыз: әлеуметтік желілер арқылы, қосымшада және тапсырыстардың ішіне саламыз.
Маркетплейстің промокодтары — бұл тауарды төлеу әдісі, сондықтан, олар сіздің қаржыңызға әсер етпейді. Сіздің тауарыңыз промокод арқылы сатылғанына қарамастан, сіз алдын ала жоспарлаған сомаңызды аласыз.
Болашақта біз сіздің дүкеніңіздің сатып алушылары ғана қолдана алатын жеке промокодтар жасау мүмкіндігін ұсынамыз. Ол промокодтар сіздің қаржыңызға әсер ететін болады.
Push-хабарландырулар
Push-хабарландырулар — бұл қосымшамыздың пайдаланушыларына смартфон арқылы жіберілетін қысқа хабарламалар. Олар сатып алушыларға науқандар, жеке ұсыныстар және жаңа тауарлар туралы ақпаратты жылдам жеткізуге мүмкіндік береді. Мұндай хабарламалар назар аудартады, сатып алушыларды бірден әрекет етуге «итермелейді» және олардың қызығушылығын арттырады.