Пайдаланушы келісімі
Келісім Teez-дің кез келген Сатып алушыға төменде көрсетілген шарттарда Пайдаланушы келісімін жасасуға арналған жария ұсынысы (оферта) болып табылады.
Пайдаланушы Маркетплейсті пайдалануды бастағанға дейін осы Келісіммен толық танысуға міндетті. Сайтта немесе қосымшада есептік жазбаны тіркеу, Маркетплейстің кез келген функциялары мен бағдарламалық мүмкіндіктерін пайдалану фактісі Пайдаланушының осы Келісімді, сондай-ақ, Teez-дің дербес деректерді өңдеуге қатысты саясатын толық және сөзсіз қабылдауын білдіреді.
1. Келісімнің мәні
1.1. Осы Келісім Сатып алушы Маркетплейсті пайдалану кезінде туындайтын Teez бен Сатып алушының арасындағы қатынастарды реттейді.
1.2. Терминдер мен анықтамалар:
Teez — «Teez Logistics» ЖШС (БСН 231140010013, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, 134 есептік орам, 938 құрылыс, пошта индексі 100008).
Авторизация — Жеке кабинетке кіру үшін логин мен құпиясөзді енгізу арқылы Сатып алушыны сәйкестендіру процесі.
Алкогольдік өнім — тағамдық өнімнен жасалған этил спиртін пайдалана отырып немесе пайдаланбай өндірілген, және (немесе) этил спиртінің көлемдік үлесі 0,5 пайыздан асатын спирт құрамды тағамдық шикізаттан өндірілген тағамдық өнім, оның ішінде, алкогольдік сусындар, әлсіз алкогольдік сусындар, шарап өндірісінің өнімі және өзге де спирт құрамды тағамдық өнім, Қазақстан Республикасының алкогольдік өнімді өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасына сәйкес тұтынушылық ыдыста сатылатын өнім.
Teez дерекқоры — Тауарлар мен қызметтер туралы ақпаратты қамтитын, әлеуетті Тауарларды (қызметтерді) Сатып алушыларға (тұтынушыларға) арналған ақпараттық-анықтамалық жүйе.
Жеке кабинетті бұғаттау — Маркетплейсте Сатып алушының іс-әрекетін жүзеге асыруға тыйым салу.
Тапсырысты ресімдеу — Сатып алушының Сатушымен Тауарды сатып алу-сату шартын жасасуға және/немесе Teez-бен Тауарды жеткізу туралы шарт жасасуға бағытталған іс-әрекеттері. Әр тапсырысқа жеке нөмір беріледі.
Код — тапсырысты рұқсатсыз алудан қосымша қорғау құралы ретінде қызмет ететін жеке сәйкестендіру нөмірі, Сатып алушының өзі қойған қолдың баламасы болып табылады.
Жеке кабинет — Сатып алушы туралы ақпаратты, жасалған тапсырысты және келісімді іске асыруға қатысты өзге де ақпаратты қамтитын, сондай-ақ, Teez-де Сатып алушының логині мен құпиясөзін пайдалана отырып, авторизациядан кейін Сатып алушыға қолжетімді, Тараптардың қашықтықтан өзара іс-әрекет жасасу мүмкіндігін беретін, Сатып алушының Teez-бен өзара іс-әрекетінің бағдарламалық интерфейсі.
Маркетплейс — ЭЕМ-ге арналған бағдарламалармен және Teez-дің Дерекқорларымен біріктірілген, https://teez.kz мекенжайында орналасқан веб-сайт, сонымен қатар, Teez мобильді қосымшасы.
Түпнұсқа (немесе «Original») — Маркетплейсте «Түпнұсқа» \ «Original» арнайы белгісімен белгіленген, Маркетплейс тарапынан тексеруден өткен және Сатушы тауардың түпнұсқалығын растайтын құжаттарды ұсынған тауар.
Сатып алушы — Маркетплейстегі Сатушының интернет-дүкенінде Тауарларға қашықтықтан тапсырыс беру тәсілі арқылы Тауарларды Сатушыдан сатып алатын жеке тұлға.
Teez-дің дербес деректерді өңдеуге қатысты саясаты — Сатып алушының дербес деректерін үшінші тұлғалардың заңсыз қол жеткізуінен, жоюынан, өзгертуінен, бұғаттауынан, көшіруінен, таратуынан, сондай-ақ, өзге де заңсыз әрекеттерінен қорғау үшін Teez қабылдайтын ұйымдастырушылық және техникалық шаралардың тізімдемесін қамтитын құжат.
Сатушы — Маркетплейс арқылы Тауарларды Сатып алушыға сату жөніндегі қызметті жүзеге асыратын Маркетплейсте тіркелген жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға.
Шарт — осы Келісімде көзделген тәртіппен Сатушы мен Сатып алушы арасынд а жасалатын Тауарды сатып алу-сату шарты.
Тапсырыс беру пункті (ТБП) — Сатып алушы тапсырысын ала алатын үй-жай. Беру пункттерінің тізімдемесі Маркетплейсте анықталады және көрсетіледі.
Келісім — бұл Маркетплейсті пайдалану тәртібі мен шартын анықтайтын осы Пайдаланушы келісімі.
Тауар — Сатушы мен Сатып алушы арасында жасалатын сатып алу-сату шартының нысанасы болып табылатын тауарлар.
Тауарлық түр — бұл тауардың жаңа әрі сапалы ретінде қабылдануына және сатуға жарамды болуына мүмкіндік беретін оның сыртқы сипаттамаларының жиынтығы. Бұл ұғым тауардың өзіне де, сондай-ақ оның зауыттық / фабрикалық қаптамасына да қатысты сақталуын және тұтастығын қамтиды және онымен шектелмейді. Сонымен қатар, барлық жапсырмалардың, пломбалардың, белгілердің, стикерлердің, қорғаныш қабаттарының (пленкалардың) және түпнұсқа (зауыттық / фабрикалық) таңбалаудың бар-жоғын және олардың жағдайын да қамтиды.