Skip to main content

7.3. Есеп беру құжаттары

Біз тауарларды жүкқұжат бойынша сақтауға қабылдаймыз, бірақ олар сіздің меншігіңіз болып қала береді. Сатып алушы тауарды алған кезде, біз оған автоматты түрде Teez-дің атынан фискалдық чек жібереміз және онда сатушыны, яғни сізді көрсетеміз.

Ай сайын комиссионер есебін жасаймыз — бұл есепті айдағы сату сомасы мен біздің комиссиямыз көрсетілген құжат. Оны алу үшін келесі айдың 15-інен кейін серіктестерді қолдау қызметіне жазыңыз. 5 жұмыс күні ішінде біз оны PDF форматында сізге жібереміз.

Орындалған жұмыстардың актілері мен жүкқұжаттар сізге электрондық жүкқұжаттардың ақпараттық жүйесі арқылы — заңда белгіленген мерзімде жіберілетін болады.

Комиссионер есебінің мысалы