3.3. Тыйым салынған тауарлар
Teez маркетплейсінде тауарлардың кейбір санаттарын сатуға тыйым салынған. Бұл Қазақстан Республикасының заңнамалық шектеулеріне және біздің ішкі ережелерімізге байланысты. Келесі тауарларды сатуға тыйым салынады:
- Репликалар, көшірмелер, жалған өнімдер.
- Алкоголь және құрамында этил спирті бар өзге де өнімдер.
- Шылымдар, темекі және темекі өнімдері, қыздырылатын темекі бұйымдары, кальянға арналған темекі, кальян қоспалары, бонгтар, темекі қыздыру жүйелері, хош иісті ингаляторлар, электронды тұтыну жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар.
- Есірткі және психотропты заттар, оның ішінде, құрамына кіретін тауарлар да.
- Құрамында шыбын-шіркейлер, тарақ кірпі және/немесе кордицепс бар азық-түлік тауарлары.
- Адамдар мен жануарларға арналған дәрілік препараттар, оның ішінде, құрамында дәрілік заттар бар тауарлар.
- Концентрациясы 7% және одан жоғары сутегі асқын тотығы.
- Мазмұнында республиканың конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, соғысқа, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық астамшылықты, сондай-ақ қатыгездік, зорлық-зомбылық пен порнографияға бас ұруды насихаттайтын немесе ү гіттейтін тауарлар, суреттер немесе ақпарат.
- Қарудың барлық түрлері: атыс, суық, травматикалық, пневматикалық қару, оқ-дәрілер және олардың құрамдас бөліктері және т. б.
- Жасаурататын немесе тітіркендіргіш әсері бар аэрозольды заттар, соның ішінде газ және бұрыш баллоншасы.
- Пиротехникалық бұйымдар: петардалар, бенгал шамдары, шартылдақтар, субұрқақ-шамдар, түтіндету құтылары және т. б.
- Бағалы және сирек жер металлдары, асыл тастар және олардан жасалған бұйымдар.
- Ақпаратты жасырын алудың техникалық құралдары: тұрмыстық заттар ретінде жасырылған камералар мен диктофондар, тыңдау құрылғылары, жасырын GPS-трекерлері, микро құлаққаптар және т. б.
- Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасының нормаларын сақтамай, Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген ұялы байланыс абоненттік құрылғылары.
- Браконьерлік құралдар мен жабдықтар: электрлі қармақтар, аулар және т. б.
- Автокөлік және мотоаккумуляторла р.
- Пайдаланылған тауарлар, сондай-ақ, бағасы төмендетілген тауарлар.
- Қоймаға нақты түсімсіз сандық тауарлар.
- Тегін таратуға арналған тауарлар.
- Діни әдебиеттің барлық түрі.
- Тірі өсімдіктер мен жануарлар.
- Улар.
info
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының аумағында айналымы шектеулі немесе тыйым салынған өзге де тауарларды сатуға болмайды. Осы ережелерді бұзғаны үшін заңда 25 АЕК-тен басталатын айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сонымен қатар, кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін.