«Петропавл қ. ТБП-ға жеткізу» науқанының ережелері
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы — «Teez Logistics» ЖШС, БСН 231140010013, мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек Би атындағы аудан, 134 есептік орам, 938 құрылыс, пошталық индекс 100008 (бұдан әрі — «Ұйымдастырушы»).
1.2. Науқанның өткізілу мерзімі:
- Науқан 2025 жылдың 30 маусымынан бастап 2025 жылдың 14 шілдесіне дейін, соңғы күнді қоса есептегенде, өткізіледі.
- Ұйымдастырушы тиісті ақпаратты Сайтта жариялау арқылы науқанды мерзімінен бұрын тоқтатуға немесе оның шарттарын өзгертуге құқылы.
1.3. Науқанның өткізілу аумағы:
- Науқан тек тапсырыс беру пункті ретінде Петропавл қаласы таңдалған тапсырыстарға ғана қолданылады.
2. Шарттар
2.1. Науқанның өткізілу кезеңінде Петропавл қаласындағы тапсырыс беру пункті таңдап, тапсырыс ресімдеген кез келген Teez маркетплейсінің Пайдаланушысы (бұдан әрі — «Пайдаланушы», «Қатысушы»), автоматты түрде науқанға қатысушы болады.
2.2. Өтемақы алу негізі: Тапсырыстың Петропавл қаласындағы тапсырыс беру пунктіне нақты жету уақыты маркетплейстің мобильді қосымшасындағы «Тапсырыс беру пунктіне жеткізілді» мәртебесінде көрсетілген уақыттан 1 (бір) минуттан артық кешіктірілсе.
2.3. Пайдаланушы, егер оның тапсырысы 2.2 тармағының шарттарына сәйкес келсе, кешіктірілген тапсырыстың 100% құнына тең жеке промокод (бұдан — «Промокод») алады.
3. Промокод ты беру тәртібі мен мерзімі
3.1. Кешігу фактісі Ұйымдастырушы тарапынан тапсырыстарды бақылау жүйесінің деректері негізінде автоматты түрде анықталады.
3.2. Кешіктірілген тапсырыстағы төленген тауар(лар) құнының 100% мөлшеріндегі промокод автоматты түрде жасалып, тапсырыс ресімдеу кезінде көрсетілген телефон нөміріне SMS-хабарлама арқылы жіберіледі.
4. Промокодты пайдалану шарттары
4.1. Жеке промокодтардың номиналы, пайдалану шарттары және жарамдылық мерзімі Ұйымдастырушы тарапынан белгіленеді.
4.2. Жеке промокодты бір Пайдаланушы оның жарамдылық мерзімі ішінде тек бір рет қана пайдалана алады.
4.3. Жеке промокодтарды тарату тек Ұйымдастырушы тарапынан жүзеге асырылады.