10.2. Тақырыптық фотосуреттерге арналған техникалық тапсы рма
Teez дегеніміз не бөлімінде фотоконтент құру кезінде біз қолданатын стандарттар туралы егжей-тегжейлі айттық. Басты мақсат — тауарды әсірелемей немесе алуға мәжбүрлемей, сол күйінде көрсету.
Егер сіз тауарларды өзіңіз суретке түсіргіңіз келсе немесе бұл тапсырманы өзге фотостудияға бергіңіз келсе, осы ұсыныстарды қолдануыңызды сұраймыз.
Техникалық сипаттамалары
- Фотосурет форматы — PNG, JPEG, JPG, WEBP.
- Жан-жағының өлшемдері 3 × 4 (ені × биіктігі).
- Ажыратымдылығы 600 × 800 пиксельден кем емес.
- Бір файлдың өлшемі 5 МБ-тан аспайды.
Тауарға қойылатын талаптар
- Таза (қоқыс, шаң жоқ).
- Биркаларсыз.
- Тұтас, ақаулар мен пайдалану іздері жоқ.
- Мыжылмаған (қажет болған жағдайда, бумен немесе үтікпен үтіктелген).
Фон
- Фон бірыңғай, біркелкі жарықтандырылған.
- Фотосуретте жеңіл, табиғи көлеңке болуы мүмкін.
- Фон түсі — #efefef (үш түстің әрқайсысы үшін RGB = 93.7%) немесе оған мүмкіндігінше жақын.
Кадрлау
Дүкенде біркелкі стильді сақтау үшін тауарды торға сәйкес кадрға орналастырыңыз.
Тігінен орналасқан заттар үшін келесідей орын қалдыру қажет:
- Жоғарыдан — 16% бос орын.
- Төменнен — 13% бос орын.
- Бүйірінде (әр шетінен) — 10% бос орын.
Көлденең орналасқан заттар үшін келесідей орын қалдыру қажет:
- Жоғарыдан — 25% бос орын.
- Төменнен — 20% бос орын.
- Бүйірінде (әр шетінен) — 5% бос орын.

Ерекшеліктер:
- Шағын тауарлар бойынша кескіннің анықтығын жоғалтпау үшін кадрлау шекараларына жеткізбеңіз;
- Тауардың кішігірім элементтерін (тұтқалар, иықбаулар, сымдар) кадрлау шекарасынан шығаруға болады.
Ракурстар
Әр тауарда 1-ден 5-ке дейін фотосурет болуы мүмкін. Бірақ тауардың ерекшеліктері мен функционалдығын толық ашу үшін бір тауардың кем дегенде 3 фотосуретін түсіруді ұсынамыз.
Басты фотосурет — бұл тауардың визит картасы, сатып алушы оны іздеу парағында көреді. Сондықтан оны келесі стандарттар бойынша жасау керек:
- Фотосуретте бір тауар көрсетіледі (егер тауар жиынтық түрінде болса, жиынтықтағы барлық тауарлар көрсетіледі).
- Тауар жалпақ болса, алдыңғы жағынан тікелей немесе жоғарыдан түсірілуі керек.
- Тауар толығымен көрінеді, фотосуретте артық бөлшектер жоқ: сымдар, жабдықтар, қолдар.
- Егер тауарда жарықтандыру шамдары немесе дисплей болса, суретке қосулы күйде түсіріңіз.
- Күрделі пішіндегі тауарлар үшін көлемді фото жасауға рұқсат етіледі (егер алдынан түсірген кадрда бұл тауардың не екендігі түсініксіз болса).

Қалған кадрлардың ракурстары:
- Артқы немесе бүйір бетінен түсірген кадр.
- Тауардың жиынтығымен бірге түсірген кадр, егер ол бар болса (тауар неден тұрады) — кабель, саптамалар, шығын материалдары.
- Функционалдық қасиеттері мен ерекшеліктерін көрсететін кадр (режимдер, батырмалар, қалталар, текстура, жарқырауы, ішкі бөлігі) — жақыннан үлкейтіп және егжей-тегжейлі түсіруге болады.
- Егер бар болса, тауардың ұқыпты, таза қаптамада түсірілген кадрі.

Реквизит
Егер ре квизиттер тауардың функционалдығы мен қасиеттерін ашуға көмектессе, біз оны құптаймыз.
Мұндай реквизиттердің мысалдары:
- Жасанды гүлдерді түсіруге арналған ваза.
- Киімдер мен амуницияларды түсіруге арналған жануарлар немесе жануарлардың манекендері.
- Ас үй құралдарына арналған өнімдер.
- Тыстарға арналған руль.
- Жазуы бар бокалдарға арналған сұйықтықтар.
- Зергерлік бұйымдарға арналған демеуіштер.
- Мөлдір материалды сөмкелерді толтыруға арналған бейтарап реквизиттер (оқылатын брендтерсіз, логотиптерсіз).

Фотосуреттерді өңдеу стандарттары
- Фотосуреттегі тауар табиғи көрінеді, өмірдегідей (қараңғы емес, аса қанық түсті емес және т. б.).
- Ақ түстің біркелкі балансы (көк/сары, жасыл/қызғыл т реңктерсіз).
- Фотосуреттер дұрыс экспонирленген, аса қатты жарықтандырылмаған, контраст пен қара нүкте дұрыс реттелген.
- Заттан табиғи көлеңке түседі (егер ол бастапқы кадрларда болса).
- Егер тауарда интимдік сипаттағы суреттер (дене мүшелері немесе оларға ұқсастық) немесе балағат сөздер болса, мұндай аймақтарға 20–35% бұлыңғырлық қолданылды. Нысан бұлыңғыр болуы керек, бірақ, сонымен бірге, түсінетіндей көрініске ие болуы керек.
- Фотосуреттерге инфографика, мәтін, сутаңбалар, логотиптер, байланыс деректері және жарнамалық ақпарат орналастыруға болмайды.