Skip to main content

2.2. Маркетплейс тарифтері

Сіз әрқашан маркетплейсте қанша ақша тапқаныңызды нақты білу үшін біз тек тауарды сатудан комиссия ұстаймыз.

info

Тауарды сатқаннан кейін ақшаны шығару тәсілдері туралы Ақшаны шығару және қаржы бөлімінде жаздық.

Комиссия пайыздары

Біздің сыйақымыздың пайызы тек тауарды сату бағасына байланысты.

Тауар бағасы (₸), ҚҚС-ты қоса алғандаМаркетплейс сыйақысы
499 999 және одан жоғары3%
149 999 – 499 9984%
49 999 – 149 9985%
34 999 – 49 9986%
19 999 – 34 9987%
14 999 – 19 9988%
9 999 – 14 99810%
4 999 – 9 99813%
2 499 – 4 99815%
1 499 – 2 49820%
999 – 1 49825%
499 – 99830%
498-ге дейін35%

Сонымен қатар, бізде кез келген тауар үшін минималды баға шектеуі бар. Мысалы, қазір жеке кабинетте сіз бағаны 99 ₸ төмен қоя алмайсыз, сондықтан, өте арзан тауарларды жиынтықтармен сатуға болады: мысалы, бір жұп шұлық емес, бес немесе он жұп жиынтығы.

Біз сізге құны 1 500 ₸ дейінгі тауарларды жиынтыққа біріктіруді ұсынамыз — осылай тиімді. Өйткені, тауардың құны неғұрлым жоғары болса, сыйақымыздың пайызы соғұрлым төмен болады. Ал ол, сіздің пайдаңыз көбірек болады, клиент тауарды арзанырақ алады деген сөз.

Сондай-ақ, жақын арада біз комиссияның ерекше шарттарымен шағын көтерме сату механикасын енгізуді жоспарлап отырмыз. Біз міндетті түрде сізге бұл туралы алдын ала хабарлаймыз.

Барлық негізгі қызметтер комиссияға енгізіліп қойған

  • Тауарларды қоймаға қабылдау және орналастыру.
  • Тапсырыстың бүкіл циклі: жинау, брендтік курьер-пакетке орау, жөнелтуге дайындық, сатып алушының қаласына жеткізу, тапсырысты ТБП-да беру және егер клиент тауарды қайтарса, қоймаға қайтару.
  • Эквайринг пен кассалық қызмет көрсету шығындары.
  • Teez-де жұмыс істеуге қатысты мәселелерді шешуге көмектесетін серіктестерді қолдау қызметі.
  • Тауарларды сату көлемі мен айналымына қарамастан сақтау 2026 жылғы 31 шілдеге дейін тегін. 2026 жылғы 1 тамыздан бастап күшіне енетін сақтау тарифтері, соның ішінде тауарларды тегін сақтау шарттары, 2026 жылғы 15 шілдеге дейін қосымша жарияланады.

Комиссияға енгізілмеген қосымша қызметтер

info

2026 жылғы 31 шілдеге дейін Teez Shipping және Teez Packing қызметтері барлық сатушылар үшін тегін.

  • Teez Shipping — тауарларды біздің логистикамен сіздің қалаңыздан Teez-дің Қарағандыдағы қоймасына жеткізу нарықтық бағадан едәуір төмен.
  • Teez Packing — тауарларды тексеру, буып-түю, штрихкодтарды қолдану және қоймаға жөнелтуге дайындау бойынша басқа да қызметтер.

Сіздің маркетплейстегі жұмысыңызды одан да ыңғайлы ететін қызметтер туралы толығырақ Teez пайдалы сервистері бөлімінен оқыңыз.