2.3. Сатушыларды қолдау бағдарламалары
MOST-пен бірлесіп, сатушыларға арналған бірегей қаржыландыру бағдарламасын іске қостық. Біздің мақсатымыз — сіздің бизнесіңізді бірнеше есе ұлғайтуға және ірі ойыншылардың шарттарымен тауар сатып алуға көмектесу.
Қатысу шарттары:
- Сіздің тауарларыңыз Teez-де сатылып жатыр.
- Келісімшарт 2025 жылдың 1 маусымы мен 1 қыркүйегі аралығында жасалуы керек.
Бұл қалай жұмыс істейді:
- Сіз жеке салымсыз тауар сатып алуға 25 млн ₸-ге дейін қаржыландыру алу үшін өтінім қалдырасыз.
- Сіз Қытайдан тауар сатып алуға қаржыландыру аласыз.
- Біз логистиканы өз мойнымызға аламыз — тауарларды Карағандыдағы қоймаға жеткіземіз.
- Тауарлар қоймаға түседі және Teez-де сатылады.
- Ай сайын сіздің табысыңыз қаржыландыруды өтеуге бағытталады.
- Қаржыландырудың толық сомасын өтегеннен кейін, сатудан түскен ақшаны сіздің есепшотыңызға аударамыз.
Қаржыландырудың толық шарттары Teez серіктестерді қолдау бағдарламасы бөлімінде жарияланды.