5.3. Тауарларды қоймаға жіберу
Қойма қайда орналасқан
Барлық тауарларды Қарағандыдағы қоймада сақтаймыз — ол Global City сауда-логистикалық хабында орналасқан.
Тауарларды қабылдайтын қойманың мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би ауданы, 134 есептік орам, 938 құрылыс, корпус 3 (карталарда 4/д деп белгіленген). Картадағы нүкте осында, тауарды тапсыруға барған кезде оны навигаторда көрсетіңіз.
Тауарларды қоймаға кез келген күні әкеле беріңіз: біз тәулік бойы және демалыссыз жұмыс істейміз.
Тауарларды қоймаға жеткізу тәсілдері
Тауарларды тапсыру үшін сенімхат қажет емес. Сіз тауарларды қоймаға үш тәсілдің бірімен жібере аласыз.
Қарағандыдағы қоймаға келу
Тауарларды қоймаға өзіңіз алып келіңіз. Қойма аумағына кіру үшін рұқсатнама қажет емес.
- Егер 5 қораптан аспайтын тауарды 08:00–20:00 аралығында өткізсеңіз, «Құжаттарды ресімдеу» деген жазуы бар бөлмеге апарып, қызметкерлерге тапсырыңыз.
- Егер жеткізілімде 5 қораптан көп болса немесе жеткізу уақыты 20:00–08:00 аралығында болса, қақпаны қақсаңыз, бірнеше минут ішінде қызметкерлер сіздің жеткізіліміңізді қабылдайды.
Teez Shipping қызметтеріне тапсырыс беру
Біздің логистикалық сервисіміздің қызметтері туралы Teez Shipping — тауарларды жеткізу бөлімінен оқи аласыз.
Көлік компаниясының қызметтеріне тапсырыс беру
Біздің деректемелеріміз: «Teez Logistics» ЖШС, БСН 231140010013. Қойма аумағына кіру үшін рұқсат қажет емес.
Тауарларды қоймада қабылдау
Сізге ЭШФ-ларды жіберудің қажеті жоқ. Оферта шарттарына сәйкес, сіз тауарларды бізге сату үшін бересіз, ал біз оларды сатамыз. Сатылымнан соң, біз сізге есеп беру құжаттарын өзіміз жібереміз.
Жүкқұжат мәртебесінің өзгерісін жеке кабинеттегі Жүкқұжаттар бөлімінен бақылауға болады.
